«Медициналық-техникалық колледж» ЖШС
Құрылтайшысы

image

Қазақстан Республикасының медициналық білім беруі мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, ғылыми тәсілдер мен клиникалық тәжірибені және заманауи білім беру технологияларын ұштастырған, Колледждің негізін қалаушы — бас директор — Рузуддинов Саурбек Рузуддинұлы.

Рузуддинов Саурбек Рузуддинұлы — Атақты дәрігер-стоматолог, ортопедиялық стоматология саласындағы тұңғыш ғылым докторы, профессор, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзілік стоматологиялық қауымдастығының (FDI) мүшесі, Мәскеу мемлекеттік медицина-стоматология университетінің және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені иегері.

1969 жылы Алматы медицина институтының Стоматология мамандығын тәмамдап, ортопедиялық стоматология кафедрасында ассистент, кейінірек доцент қызметін атқарған.1974 жылы Мәскеу қаласында профессор В.Ю. Курляндскийдің жетекшілігімен аспирантурада білім алып, «Аралас сілекей ферменттерінің белсенділігіне протез материалдарының әсері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.1987 жылы «Тіс протезі материалдары мен алдын-алу құралдарының арнайы клиникалық-зертханалық негіздемесі, фосфор зауыты қызметкерлеріне стоматологиялық көмекті жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.1989 жылдан 2011 жылға дейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде Ортопедиялық стоматология кафедрасын басқарған. Кафедра меңгерушісі ретінде қызмет еткенмен қатар, Стоматология факультетінің деканы болған. Факультет деканы ретінде мамандар даярлау сапасына ерекше мән берген. Материалдық-техникалық базаны нығайту барысында стоматологиялық фантомдық кабинеттер мен тіс протездеу орталықтарын ашқан.

Профессор Сәуірбек Рузуддинұлының 300-ден астам ғылыми еңбектері мен оқулықтары жарық көрген. Оның стоматология саласындағы жазған оқулықтары қазіргі таңда тек біздің колледжде ғана емес, еліміздің барлық стоматология мамандығы бойынша білім алып жатқан университеттер мен колледждерде, сондай-ақ көршілес Ресейдің жоғары оқу орындарында да кеңінен қолданылып келеді.

Профессор Сәуірбек Рузуддинұлының жетекшілігімен 20-ға жуық ғылым кандидаты мен ғылым докторлары даярланған.

Бүгінгі күнде Колледждің негізін қалаушы және оның бас басшысы ретінде ұйымның стратегиялық дамуын қамтамасыз етіп, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және жоғары білікті мамандар даярлауға аянбай еңбек етіп келеді. Колледждің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, заманауи білім беру орталығы ретінде қалыптасуына ықпал ете отырып, мамандар даярлаудың жоғары стандарттарын айқындай отырып, стратегиялық басқаруды жүзеге асыруда.