Әлеуметтік-психологиялық қолдау
Медициналық-техникалық колледждің психологиялық қызметі әр студенттің табысты білім алуына, жеке дамуына және эмоционалдық әл-ауқатына жағдай жасауға бағытталған.
Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуын психологиялық тұрғыда сүйемелдеу, олардың әлеуметтік‑психологиялық бейімделуі мен даму процесін оңтайландыру.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
оқу-тәрбие үдерісін психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу және қолайлы психологиялық климат қалыптастыру;
- студенттердің кәсіби оқыту кезеңіндегі тұлғалық және әлеуметтік дамуын қолдау;
- өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру;
- жеке және топтық психологиялық көмек көрсету;
- эмоционалдық және мінез-құлықтық қиындықтардың алдын алуға қатысу;
- бітіруші курс студенттерінің болашақ кәсіби қызметке бейімделуіне ықпал ету;
- білім беру процесінің барлық қатысушыларын – студенттерді, ата-аналарды, педагогтарды психологиялық кеңес беру;
- педагогтердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Қандай мәселелермен жүгінуге болады:
оқу үрдісіндегі қиындықтар, мотивацияның төмендеуі;
- отбасындағы немесе құрдастарымен қарым-қатынастағы жанжалдар;
- мазасыздық, күйзеліс, эмоциялық шаршау;
- мақсатқа жетудегі қиындықтар, өзін-өзі анықтау мәселелері;
- жалғыздық сезімі;
- күйзеліс, жоғалту, дағдарыс жағдайларын бастан кешіру;
- тамақтану бұзылыстары, үрейлік ұстамалар,ойлар.
Барлық психологиялық жай-күйге қатысты сұрақтар бойынша көмекке жүгіне аласыз.
Психологиялық қызмет жұмысының қағидаттары:
- анонимдік және құпиялылық;
- еріктілік;
- қолжетімділік – барлық студенттерге тегін көмек көрсету.
Психологиялық қызметтің қызмет бағыттары:
- Психологиялық ағарту
Психологиялық білімге қызығушылықты арттыру, эмоционалдық денсаулықты күту дағдыларын қалыптастыру мақсатында дәрістер, әңгімелер және түрлі іс-шаралар өткізу.
- Психологиялық профилактика
Оқу мен тәрбиелеудегі қиындықтарды жеңуге арналған ұсыныстар әзірлеу, студенттердің үйлесімді дамуы мәселелері бойынша ата-аналармен және педагогтармен жұмыс жүргізу.
- Психологиялық диагностика
Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, мотивациясын және қабілеттерін зерттеу арқылы уақытылы көмек пен қолдау көрсету.
- Дамыту және түзету жұмысы
Эмоциялық жағдайды жақсарту, коммуникативтік дағдыларды, өзіндік сенімділік пен күйзеліске төзімділікті дамытуға бағытталған тренингтер, түзету сабақтары мен бағдарламалар өткізу.
- Психологиялық кеңес беру
Оқу, даму, кәсіби бағыттау және жеке жағдайлар бойынша жеке және топтық кеңес беру.
Қалай жүгінуге болады:
Психологиялық қолдауға мұқтаж болсаңыз, кез келген уақытта психологиялық қызмет кабинетіне келе аласыз немесе топ кураторы/психолог-педагогтың электронды поштасы арқылы жазыла аласыз.
Біз әрқашан сізге көмектесуге дайынбыз.
Сіздің әл-ауқатыңыз – біздің басымдық.
Педагогтерге арналған ұсыныстар
Ата-аналарға арналған жадынамалар
Студенттерге арналған жадынамалар
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – Жұма
09:00 – 17:30

Педагог-психолог:
Карабалаева Заура Құралбайқызы
smkr88@inbox.ru
Бейбітшілік көш., 34, 1-қабат, 101-кабинет
Балалар мен ата-аналарға арналған жедел желі – 111, 150
Психологиялық қолдау қызметтері орналасқан мекенжайлар:
- Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық көмек және қолдау көрсету орталығы» КММ
Астана қ., Нұрсая-2, Достық көш., 13 үй
Байланыс телефондары: +7 (7172) 253210, +7 708 503 3210, +7 708 956 7429











