🇰🇿 РЕСПУБЛИКА КҮНІ 
23 қазанда біздің Медициналық-техникалық колледжде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті! 🇰🇿
✨ Бұл күні студенттер мен оқытушылар еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірін атап өту үшін бір шаңырақ астына жиналды. Мерекелік бағдарлама жарқын өнер көрсетулерге, ұлттық дәстүрлерге және шынайы құттықтауларға толы болды.
❤️ Республика күні — тәуелсіздігіміздің, халқымыздың бірлігінің, туған елімізге деген мақтаныштың және Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімнің символы. Бұл мереке жас ұрпаққа отансүйгіштіктің, тарихқа құрметпен қараудың және еліміздің болашағы үшін жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады.
Отанымыз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік, береке мен бірлік салтанат құрсын!

Республика күні құтты болсын, Қазақстан! 🇰🇿💙

#РеспубликаКүні #АдалАзамат
🏛️ Погружение в историю и ценности нашей страны! 
Студенты нашего колледжа посетили музей Президентского центра Республики Казахстан, где приняли участие в обзорной экскурсии.
✨ Это мероприятие стало прекрасной возможностью расширить кругозор, познакомиться с историей становления независимого Казахстана, узнать больше о государственных символах, достижениях страны и значимых событиях её развития.
Такие познавательные встречи способствуют формированию патриотизма, гражданской ответственности и уважения к истории и культурному наследию нашей Родины.
🇰🇿 Знать историю своей страны — значит ценить её настоящее и создавать её будущее!
#адалазамат
#руханижаңғыру
#республикакүні
🎓✨ Студенттікке қабылдау — үлкен тарихтың бастауы!
Біздің бірінші курс студенттері үшін бұл күн ерекше әрі есте қаларлық сәттерге толы болды! 💙 Жаңа таныстықтар, жарқын эмоциялар, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас естеліктер — мұның бәрі студенттікке қабылдау кешін ерекше етті.

Бүгін сіздер армандарыңызға тағы бір қадам жақындап, үлкен студенттік отбасының бір бөлігіне айналдыңыздар! ❤️‍🔥 Алда сіздерді қызықты жаңалықтар, жаңа жетістіктер, адал достар мен жарқын сәттер күтіп тұр!
Студенттік жылдарыңыз мүмкіндіктерге, шабытқа және бақытты естеліктерге толы болсын! Әрбір күніңіз жаңа жетістіктерге бастасын! ✨

Студенттік өмірге қош келдіңіздер! 🎉📚
«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Астана қаласы Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлерімен және «Медициналық-техникалық колледж» әкімшілігімен кездесу өтті.
Іс-шараға КҚБ ІІБ Іздестіру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дәмір Қанатғалиұлы Әуезов, СРУП КҚБ жедел уәкілі полиция капитаны Нұрсұлтан Қайырбекұлы Шәгіров және полиция лейтенанты А. Е. Ергешова қатысты. Жиынның күн тәртібінде студенттердің қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
В рамках программы воспитания «Адал азамат» и реализации принципа «Закон и порядок» состоялась встреча с сотрудниками полиции района Сарыарка г.Астаны и администрации "Медико-технического колледжа"
В мероприятии приняли участие Начальник отделения розыска ОКП УП подполковник полиции Ауэсов Дамир Канатгалиевич, о/у ОКП СРУП капитан полици Шагиров Нурсултан Каирбекович, лейтенант полиции Ергешова А. Е. На повестке собрания вопросы безопасности студентов, профилактика правонарушений.
📅 20 қазан күні колледжімізде Республика күніне орай «Тәуелсіздік және Болашақ" тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар ел болашағы, сапалы білімнің маңызы, жастардың қоғамдағы рөлі мен Отан алдындағы жауапкершілігі туралы өз ойларын ортаға салып, түрлі пікірлер мен көзқарастарды талқылады. Екі тарап өз ұстанымдарын дәлелдермен жеткізіп, пікірталас мәдениетін көрсетті.
✨ Білімді ұрпақ — ел болашағы!
Еліміздің дамуы жолында білім алып, саналы азамат болу — әрбір жастың міндеті. 🇰🇿#Адал_азамат#әділеттіқазақстан
🌸 «Вежливость — признак красоты: основы нравственности»
В колледже состоялся тренинг, посвящённый культуре общения, вежливости и нравственным ценностям.
В ходе занятия участники обсудили значение уважения, доброжелательности и тактичности в повседневной жизни, рассмотрели ситуации, в которых особенно важно проявлять вежливость, и выполнили практические упражнения на развитие навыков эффективного общения.
✨ Ведь настоящая красота человека проявляется не только во внешности, но и в его поступках, словах и отношении к окружающим.

Быть вежливым — значит проявлять уважение к себе и другим! #адал_азамат#әдістемелікорталық#републикакүні
Filter
Reset