Медициналық-техникалық колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылардың барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тартуға және оның деңгейін төмендетуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттері
Медициналық-техникалық колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде келесі міндеттер айқындалған:
- білім беру қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
- қоғамдық бақылау институтын енгізу және дамыту;
- квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
- білім алушылар мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру.
Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін колледжде келесі бағыттарды қамтитын жүйелі жұмыс жүргізіледі:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
- кураторлық сағаттар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, ашық диалогтар және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру;
- білім алушылардың білімін бағалауда академиялық адалдық, ашықтық және объективтілік мәдениетін қалыптастыру;
- студенттерде болашақ кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, құқықтық сана мен жауапкершілікті тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер
Медициналық-техникалық колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.



