БАСТЫ МАҚСАТ

Мемлекетімізбен жалпы қоғам және жұмысберушілердің қазіргі кезең талаптарына сай кәсіптік деңгейлері жоғары, өмірлік көзқарастары қалыптасқан, азаматтық белсенділіктері биік, көпсалалы медициналық мекемелерде жұмыс жасауға бейім, тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндігі мол мамандарды дайындау, жетілдіру

МАҚСАТ

Тәжірибеге бағытталған технологияларды негізге ала отырып болашақ мамандарды даярлауда оқытушылардың шығармашылық жасампаздығын арттыра отыру арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзреттілігін өздігінен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері арқылы дамуларына жағдай жасау

ӘДІСТЕМЕЛІК ТАҚЫРЫП

Үздіксіз білім беруді дамыту орталығы ретінде колледждің инновациялық моделін қалыптастыру

Қош келдіңіздер

Медико-технический колледж
Біз сіздерді біздің сайтымызда қарсы алуға қуаныштымыз!

«Медициналық-техникалық колледж» ЖШС бүгінгі таңда Қазақстандағы жетекші колледждердің бірі болып табылады.

Көпжылдық жұмыс тәжірибесі үшін колледж 4 мыңнан астам жоғары білікті орта медициналық қызметкерлерді дайындады, практикалық денсаулық сақтауды кадрлармен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Мұнда сіз біздің оқу орны туралы барлық қызықты ақпаратты ала аласыз, колледж мамандықтары, оқуға түсу шарттары туралы біле аласыз, сұрақтар қоя аласыз.

Сіздерді біздің сайтымызда көруге қуаныштымыз және ұсынылған ақпарат сізге пайдалы болатынына сенімдіміз.

Соңғы жаңалықтар

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған "Кітап оқитын ұлт" республикалық кітап оқу марафоны аясында Медициналық-техникалық колледжінде"Мен оқыған бір кітап" атты кітап керуені ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу және отандық, әлемдік жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттау. Шараға белсенділік танытып, қызықты презентацияларын дайындаған студенттер - Төлен Ақниет (СД-102), Мұратбек Нұрбақыт (СО-101), Толеубаева Лаура (МС-102), Жамсанова Жұлдыз (ФЦ-302), Мананбай Аружан (МС-402). Студенттер жандарына жақын кітапты таңдап, кейіпкерлеріне тоқталып, қызықты да әсерлі әңгімелеп, қатарластарын кітап оқуға шақырды. Талқыланған кітаптардың арасында "Кітап оқитын колледж" бағдарламасы бойынша ұсынылған Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" мен М. Әуезовтың "Қорғансыздың күні" шығармалары бар.#читающаянация
🤝 «К успеху вместе»
В нашем колледже прошёл тренинг, направленный на развитие командного взаимодействия, доверительного общения и взаимной поддержки.
В ходе мероприятия участники познакомились, поделились своими сильными качествами, выполнили творческое командное задание и попробовали построить устойчивую башню из бумаги.
Особое внимание уделили умению слышать друг друга, принимать разные идеи, распределять обязанности и совместно находить решения.
✨ Ведь настоящий успех начинается с доверия, взаимопонимания и умения работать вместе!
Вместе мы сильнее, вместе мы ближе к успеху! 💙

#КУспехуВместе #КоманднаяРабота #Психология #Тренинг #Взаимоподдержка СтуденческаяЖизнь
*Медициналық‑техникалық колледжде жалпы білім беретін пәндер онкүндігінің жабылуы өтті.* 
 Іс-шараны ЦӘК төрағасы Лейла Мархатқызы мен жалпы білім беретін пәндер оқытушылары ұйымдастырды. 11РМО‑203К/26 тобының студенті Табынбай Ернұр әндер орындады.
Онкүндік қорытындысында студенттердің жетістіктері атап өтіліп, қатысушылар марапатталды. Белсенді қатысушыларға символикалық сыйлықтар табысталды. Баршаңызға алғыс айтамыз!
 *В Медико‑техническом колледже состоялось закрытие декады.* 
  Мероприятие организовали председатель ЦМК Лейла Мархатқызы и преподаватели общеобразовательных дисциплин. С песнями выступил студент группы 11РМО‑203К/26 Табынбай Ернұр.
На закрытии отметили достижения студентов и наградили участников. Активным участникам вручили символические подарки. Благодарим всех за участие!
#ДекадаОбщеобразовательныхДисциплин #ЗакрытиеДекады #МедикоТехническийКолледж
2026 жылғы 18 қарашада «Медициналық-техникалық колледжінде» «Тістердің және тіс қатарының ақаулары және ортопедиялық емдеу әдістері» пәні бойынша СД-401 тобының білім алушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Салмалар. Қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері». Арнайы пәндер оқытушысы: Аблаева Б.Е жүргізді.Сабақ барысында салмаларды бекітуге қажетті негізгі материалдар мен құрал-жабдықтар таныстырылды. Білім алушылардың клиникалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ситуациялық тапсырмалар ұсынылып, кәсіби жағдаяттар талқыланды.Сабақта тақырыптық плакаттар, салмалардың фотосуреттері мен бейнематериалдар көрнекі құрал ретінде пайдаланылды.
Біздің мақсатымыз – студенттердің тақырып бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және алған білімдерін болашақ мамандықтарында тиімді қолдана білуге үйрету.
#мтк
«Өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» атты тақырыбында СД-101 және СД-102 топтары арасында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жергілікті экологиялық мәселелерді талдап, нақты шешім ұсыну. Өңіріміздегі ең өзекті мәселелерді ауаның ластануын, тұрмыстық қалдықтар және су тапшылығын кейс-әдіс арқылы талдады. Мәселені тек мемлекет деңгейінде ғана емес, өзіміз күнделікті өмірде қалай шеше алатынымыз туралы ортаға салды. Топ спикерлері өз жобаларын қорғап, презентация дайындады, «эко-аудитор» ретінде әділ бағасы берілді. Экологиялық мәдениет – бүгінгі күннің басты талабы. Студенттеріміздің туған өлке тағдырына бейжай қарамай, тың идеялар ұсынғаны қуантады! 
#тазақазақстан🇰🇿 #экология
AIDET — искусство эффективной коммуникации в медицине!
18 ноября в ТОО «Медико-технический колледж» состоялся профессионально-образовательный семинар на тему «AIDET — эффективная коммуникация медицинского работника с пациентом» для студентов 3–4 курсов и преподавателей специальных дисциплин по специальности «Сестринское дело».
Мероприятие было направлено на развитие профессиональных компетенций будущих медицинских работников, совершенствование практических навыков общения с пациентами и формирование культуры эффективной коммуникации в медицинской среде.
Особую ценность семинару придал практико-ориентированный формат обучения. Спикерами выступили магистранты 2-го курса Назарбаев Университета образовательной программы «Сестринское дело», в числе которых сотрудники Центра сердца КФ «University Medical Center», занимающие должности старших медицинских сестёр.
В качестве приглашённого слушателя в мероприятии принял участие преподаватель Назарбаев Университета Ejercito M. Balay-Odao, а также переводчик Назарбаев Университета.
В центре внимания участников оказалаcь международная модель коммуникации AIDET, включающая пять ключевых этапов взаимодействия с пациентом:

🔹 A — Acknowledge — приветствие и �
Медициналық-техникалық колледжде «Мамандықтар калейдоскопы» атты танымдық іс-шара өтті!
🎓 17 қараша күні жалпы білім беретін пәндер онкүндігі аясында оқытушылар Сах Ғ.М. мен Серікова Д.М. ұйымдастыруымен «Мамандықтар калейдоскопы» тақырыбында шығармашылық-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 9МС-101К/26, 9СО-101К/26, 9СД-101К/26 және 9РМО-101К/26 топтарының студенттері қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
Іс-шара барысында студенттер жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейнеролик арқылы төрт мамандықтың ерекшеліктерімен танысып, «Құпия сандық», «Кім тапқыр?», «Жарнамала!» атты танымдық ойындар мен интерактивті тапсырмаларға қатысты. Сонымен қатар әр топ өз мамандығының ерекшелігі мен қоғамдағы маңызын таныстыратын бейнероликтерін ұсынып, шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Ерекше назар «Адал азамат – адал маман» кезеңіне аударылды. Студенттер болашақ кәсіби қызметіне байланысты жағдаяттық тапсырмаларды талқылап, адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, тәртіптілік, қамқорлық және кәсіби әдеп қағидаларының маңызын түсінді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, кәсіби
Теориядан тәжірибеге: жаңа буын стоматологтарын даярлаймыз!
Медициналық-техникалық колледжде 3 курс СД-303 тобының студенттері «Стоматологиялық аурулардың профилактикасы» пәні бойынша «Ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жүргізу» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Заманауи стоматологиялық білім беру – бұл тек теориялық біліммен шектелмей, заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеру.
Сабақ барысында студенттер ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жүргізу кезеңдерін үйреніп, оқыту бейнематериалдарын пайдалана отырып, практикалық дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар стоматологиялық аурулардың алдын алудың заманауи әдістерімен танысты.
 Практикаға бағытталған оқыту студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып қана қоймай, заманауи стоматологиялық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, клиникалық ойлау қабілетін дамытуға және болашақ кәсіби қызметіне сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
Біздің мақсатымыз – заманауи технологияларды меңгерген, тәжірибесі мол, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау!
Оқытушы: Есдаулетова О.Б.
1+

Мамандық

1

Біліктілік

1+

Студент

1

Практикалық база

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

«Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, Денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Ұлт денсаулығы жаңа әділ Қазақстанды құруға бағытталған мемлекеттік саясатымыздың маңызды бағыты болып табылады. Сіздің жанқиярлық еңбегіңіз үшін және Гиппократ антына адалдығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін!»

Әлеуметтік серіктестер