Колледж тарихы

 

«Медициналық-техникалық колледжі» ЖШС 1999 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Профессор Рузуддинов атындағы стоматологиялық колледжінің» филиалы ретінде өз қызметін бастаған. 2009 жылғы 18 маусымнан бастап дербес колледж мәртебесін алып, бүгінгі күнге дейін өз жұмысын табысты жалғастырып келеді.

 

Колледждің директорлары құрылған сәттен бастап

 

Жұмыс кезеңі

Директор

2009ж. – 2014ж. дейін

Агисенова Баян Тастемировна

2014ж. – 2019ж. дейін

Жаубасова Айгуль Жанатовна

2019ж. – бүгінгі күнге дейін

Кенбаева Айгуль Сейсенбековна

 

Колледждің құрылтайшысы әрі идеялық бастамашысы – атақты дәрігер-стоматолог, ортопедиялық стоматология саласындағы тұңғыш ғылым докторы, профессор, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дүниежүзілік стоматологиялық қауымдастығының (FDI) мүшесі, білім беру және денсаулық сақтау саласының танылған кәсіби маманы Рузуддинов Саурбек Рузуддинович. Оның бастамасы мен жеке белсенділігінің арқасында колледж ашылған күннен бастап сенімді әрі заманауи білім беру мекемесі ретінде танылды.

Мамандарды даярлау 25.02.2025 жылғы № KZ44LAM00001056 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады. Аталған лицензия және оған қосымшаларымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесімен берілген.

Лицензияның алғашқы берілген күні — 25.01.2010 жыл.

2022 жылы колледж 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша, 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігіне мамандар даярлауға лицензияға қосымша алды.

Оқыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, негізгі орта және жалпы орта білім базасында, күндізгі оқу нысанында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

 

Колледж бүгінгі күнде мамандарды келесі мамандықтар бойынша даярлайды:

Мамандық атауы

Біліктілігі

09110100 «Стоматология»

4S09110102 «Дантист»

09110200 «Ортопедиялық стоматология»

4S09110201 «Тіс технигі»

09130100 «Мейіргер ісі»

4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер»

09140200 «Медициналық оптика»

4S09140201 «Медициналық оптик»,

4S09140202 «Оптикометрист»

09160100 «Фармация»

4S09160101 «Фармацевт»

07140600 «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

4S07140602 «Медициналық жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөніндегі технигі»

 

2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті тарапынан мемлекеттік аттестациядан өтті (25.01.2023 ж. №11-1111/792-И).

Колледжде екі бөлек орналасқан ғимарат түрінде өзінің материалдық-техникалық базасы бар. Оқу процесін жоғары деңгейде өткізу және білікті мамандар даярлау үшін қажетті құжаттармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, техникалық оқу құралдарымен, оқу және жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттері мен зертханалар қарастырылған. Заманауи медициналық муляждар, манекендер, фантомдар және тренажерлермен жабдықталған симуляциялық зал, спорт зал, акт залдары жұмыс істейді.

Студенттердің білікті маман болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында колледж бірнеше қалалық ауруханалар мен емханалармен, жетекші емдеу-профилактикалық мекемелермен, сондай-ақ алыс және жақын шет мемлекеттердің медициналық ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытып, студенттердің тәжірибелік оқу базасын кеңейтуде.